Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданы.
"Андроновка орта мектебі" КММ Тотиева Хазира Сериккановна
"Берекелі күз"
Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы мағлұмат беру. Балалардың ой-қиялдарын дамыту. Кешті балалардың естерінде қаларлықтай тартымды өткізу.
Көрнекілігі:жапырақтар,шарлар.
Жүргізуші. Қарсалайық бәріміз,
Жасымызбен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзде нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді ел іргесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз -ырыс береке ала келді.
-Сәлеметсіздер ме, ата- аналар, балалар!Сіздерді "Берекелі күз " атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Қанеки,бәріміз қол шапалақтап ортаға балаларды шақырайық!
Өлең шумақтары:
Мақпал
Соңғы әнін айтып ,
Құс кетті қайтып
Рамина
Жайдары күз,жарқын күз,
Аяулы күз алтын күз.
Айхан
Жапырақ ұшты ,
Суық та түсті.
Сонда да бізге ,
Қызық көп күзде.
Әлижан
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Жанерке
Мен өрікпін,өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Александр
Ой,алақай ,тамаша!
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші-алаша,
Аунар ма деп жатып ап!
Нұрай
Сап-сары ала теректер,
Сап - сары ала атырап .
Сәл тербесе самал жел ,
Түсіп жатыр жапырақ.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті Алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Жүргізуші:
Сәлем өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты. .
Ән "Жаңбыр"-хормен орындалады.
Музыка ойналып залға билеп Алтын күз кіреді.
Күз:Сәлеметсіңдер ме,балалар?( Балалар амандасады) Сәлеметсізд
Страницы: 1 | 2 > >>