ырақ
Ұшты кенет жапырақ
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ.
Олжас: Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Саудырап түседі.
Жүргізуші: ой жарайсындар балалар
Би: "Қолшатыр"
Жүргізуші: Жарайсындар балалар келесі кезекті тақпақтарға береміз.
Айару : Алтын сары қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Жания: Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
Нұрбол: Армысыз асыл күн!
Армысыз асыл жер!
Армысыз балалар!
Армысыз алтын күз!
Айкерім: Соңғы шүақ төгіліп
Салқын тартып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып
Жапырақтар жүр ойнап
Күз ханшайымы: Жарайсындар балалар! Балалар қазір мен сендермен ойын ойнаймын. Ойын аты "Жапырақтар мен Гүлдерді ажырат" деп аталады.
Жүргізуші: Жарайсындар балалар. Біздің балаларымыз да жемістерге арналған тақпақтар біледі. Ортаға балаларымызды шақырайық.
Ерасыл: Мен өрікпін-өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін.
Кәусар: Мен алмамын-алмамын
Таңдай жалап бер дәмін.
Еміл: Мен алмұртпын-алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың.
Адия: Мен жүзіммін-жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Жүргізуші: Жараисындар балалар ал енді ата-аналар мен ойын:
Би: "Балапан"
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар өнерлі, ақылды, білімді балалар екенсіңдер! Ал енді балалар сендермен қоштасатын кезім таяп қалды, бізді де сендер сияқты балалар күтіп қалды хош сау болыңдар!
Ән: "Күзгі бояу".
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі "Алтын күз" атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>