Алтын күз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата-аналар! Ардақты ұстаздар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша - "Алтын күз" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 4 "Гүлдер" ІІ кіші тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар.
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилерде алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.

Ән: "Қошақан"
Жүргізуші: Ал балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Бүгін бізге көптен күткен қонақ келді Ол "Күз ханшайымы" қонағымыз тез келсін десеңдер оны дауыстап шақырайық.
Балалар "Күз ханшайымы". . . .
(Залға әсем әуенмен "Күз ханшайымы" кіреді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме кішкентай балақайларым. Мен сендерді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын.

Жұмбақ: Әрі қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты (Алма)

Жерге қазық қақтым
Басына айдар тақтым (Сәбіз)

Жүргізуші: - Қош келдіңіз "Күз ханшайымы", төрлетіңіз! Сіз бізге Күз дегеніміз не? Неге Алтын Күз дейді деген сұраққа жауап беріңізші?

Күз ханшайымы: - Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық, қап-қап астық, картоп, жүгері, алма, жүзім осының бәрі күзде піседі. Сондықтан халық Күзді "Алтын күз" дейді.


Жүргізуші: Ой рахмет сізге Күз ханшайымы ал енді біздің бүлдіршіндеріміздің күзге
арналған тақпақтар біледі. Ортаға балаларымызды шақырыйық.

Жансерік: Түсіп жатыр аулада
Ағаштардан жапырақ
Алтын күзім келдіме
Сарғайыпты жапырақ.

Әсем: Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып

Інжу: Ағаштардан жап

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: