у кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу
2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
4. Журнал бойынша түгелдеу.
5. Оқу құралдарын түгелдеу.
6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.
7. Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту. .
8. Жаңа сабаққа дайындық.
9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
10. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген "Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері" тақырыбы бойынша сұрақ - жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
1. Көмірсутектілердің жіктелуі.
2. Қаныққан көмірсутектерге нелер жатады?
3. Қанықпаған көмірсутерлерге нелер жатады?
4. Алкандар дегеніміз не? Оның жалпы формуласы қандай?
5. Гомологтар дегеніміз не?
6. Гомологтық айырым дегеніміз не?
7. Алкандардың бірінші мүшесін атаңыз?
8. Алкандар табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
9. Алкандардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар?
10. Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы?
11. Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардыңішінен:С2Н6, С3Н8,С8Н10,С6Н6,СН2СІ2 СНСІ3, С4 Н10,С8Н16,С9Н20 , СН3ОН алкандардың формулаларын теріп жазып, оларды атаңдар.
ІІ-тапсырма. Кесте толтыру.
1. Алкандардың радикалдары қалай түзілетінін түсіндіріп, келтірілген кестені толтырыңдар:
Алкандар
Жалпы формуласы:
Радикалдар
Жалпы формуласы:
Молекулалық формуласы
Атауы
Молекулалық формуласы
Атауы
1.
1.
2.
2.
3.
3.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>