Алихан Бөкейханов

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Әлихан Бөкейханов
Әлихан Бөкейханов. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866 -- 1937) -- XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей -- Батыр -- Мырзатай -- Нұрмұхамед -- Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Қоғамдық-саяси әрекеттері
2. 1 Алаш Орда төрағасы
3 Ғылыми әрекеттері
4 Пайдаланған әдебиет
5 Түсініктемелер
6 Тағы қараңыз
7 Фильмдер
8 Сыртқы сілтемелер
9 Пайдаланған әдебиет
Өмірбаяны
18662 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То - қы - рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: