Алгоритмнің жазылу формалары және блок-схема

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық елдімекені
52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Жамиева А Қ. Информатика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің жазылу формалары және блок-схема
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмді жазуды және оны блок схема түрінде құрастыра білуді үйрету.
Күтілетін нәтиже:Оқушыларға алгоритм өмірдегі іс-әрекеттер арқылы құрылымдалатынын түсініп, алгоритмді жазу түрлерін негіздей алады, схемалар түрінде суреттеуді үйренеді. .
Негізгі идея:Оқушылардың ойлау,сөйлеу шеберліктерін арттыра отырып, ортада өз ойын еркін жеткізе біледі.
Оқытудың әдіс-тәсілдері:АКТ презентация, «мен саған,сен маған» сөзжұмбақтар , ПОПС формуласы әдісі,Алгоритм әдісі , «Өзіңді тексер!» –тест
Пән аралық байланыс: математика,тарих
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру (1 минут)Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушының іс-әрекеті
Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,көңіл күйлерін анықтау. Оқушыларды топтастыруАмандасады. Сергіту сәтін жасайды. Сандарды ретімен санау арқылы топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
(5 минут)Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасы бойынша «Мен саған,сен маған»әдісі бойынша сөзжұмбақтарды келесі топқа беруді тапсырады.
Әр топ мүшелері осы сөзжұмбақтарды шешеді. және
Сөзжұмбақтарды құру қиындығы мен жеңілдігіне байланысты бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
(5 минут)Мұғалім оқушылардың ойын жинақтау мақсатында сұрақтар береді. Берілген тапсырма бойынша оқушылар алгоритмнің жазу жолдары туралы түсінік қалыптастырады.
ІУ. Жаңа сабақ. ПОПС формуласы.
(10 минут)Мұғалім оқушыларға мәтінмен жұмыс жасауға тапсырма беріледі. Тапсырма ПОПС формуласы арқылы жүргізіледі.
Оқушыларды осы әдіс бойынша жаңа тақырыпты түйінді сөздермен жеткізуге бағыттайды.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: