3. Өлшем алу ережесін айтыңдар!
4. Тігін машинасының инесінің құрылысын атаңдар!
5. Арнайы санитарлық киімдерді жіктеп бер!
Екі топқа тапсырма беріледі: "Сәйкестендіру"
1-топқа:
Алжапқыш бөліктерін сәйкестендіру
2 -топқа:
Өлшем атауын өлшемнің белгіленуімен сәйкестендіру
Өлшем атауы
Өлшемнің белгіленуі
Көкірекше ұзындығы
Кұ
Алжапқыштың төменгі бөлігінің ұзындығы
Тбұ
Жартылай бел айналымы
Жба
Жартылай мықын айналымы
Жма
Сызба - бұйымның шынайы көлемінің кішірейтілген немесе үлкейтілген түрдегі жазықтағы графикалық бейнесі.
Бұйымның қанша есеге кішірейтілгенін немесе үлкейтілгенін көрсететін мөлшер "масштаб" деп аталады.
Нұсқау карта дегеніміз алынған өлшем бойынша кесте дайындау.
Кесте - бейімдей сызар алдындағы нұсқаулық, кесінделердің орналасу тәртібі. Онда кесінділердің орны, яғни орамал мен алжапқыштың бөліктері, олардың белгіленуі, формуласы болады.
Адамның дене бітімі симметриялы (егер ойша екіге бөліп көрсең, дене бітімінің оң жағы мен сол жағы бірдей). Сондықтан киім пішімінің сызбасы дене бітімінің жартысына сызылады. Киімді конструкциялауда барлық кесінділер конструктивті сызыққа сәйкес келетін әріппен, мысалы, К-кеуде, Б-бел, Қ-қалта және т. б. белгіленеді.
Сызба сызу кезінде қолданылатын сызықтар
Сызықтардың атаулары
Сызықтардың кескіні
Қолданылуы
Тұтас негізгі
Негізгі бөлшектердің сұлбасын жиектеу
Тұтас жіңішке
Сызбадағы көмекші сызықтар, шығару және өлшемдік сызықтар
Сызықшалы
--
Матаның бүктемесі, бөлшектің пішімде орналасқан жері
Сызықшалы нүкте
-. -. -. -. -. -. -. -
Бөлшектің немесе кескіндеменің симметрия осьтері
ІІІ.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>