Алжапқыш пен орамалдың сызбасын тұрғызу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

6 класс 15-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс 3 "Алжапқыш пен орамалдың сызбасын тұрғызу" М1:4, М1:1
Сабақтың мақсаты: Өлшеу, есептеу, сызба сызу, модельдеу жұмыстарына оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, жобалау технологиясын үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: өлшем алу, сызба сызу кезіндегі нұсқау картамен, құрал-жабдықтармен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелік: сызу кезіндегі икемділікке, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, талдау, есептеу қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі:практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері
Көрнекіліктер:сызбалар М1:1, слайдтар(суреттер, сызбалар, нұсқау карталар, өлшемдер) алжапқыш суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: дәптер, сызғыш, қарындаш, маркер, пішуші сызғышы, сантиметрлік таспа, ватман
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен тақырыпты қайталау
III. Практикалық жұмыс
IV. Қорытынды
V. Үйге тапсырма беру
VI. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Кабинет тазалығына көңіл бөлу
3. Оқушылардың құралдарын түгендеу, даярлау
4. Оқушыларды екі топқа бөлу (алжапқыштың шаблондары арқылы топқа бөлінеді)
ІІ. Өткен материалды қайталау (екі конверт беріледі, ішінде сұрақтар жасырылған, дайындалуға 5 минут уақыт беріледі, берілген сұрақ бойынша жауап алынып бағаланады)
І конверт сұрақтары:
1. Матаның негізгі қасиеттерін атаңдар?
2. Тігін машинасының түрлері қандай?
3. Табиғи талшық дегеніміз не?
4. Киім түрлерін топтастырыңдар!
5. Алжапқышқа қажетті өлшемдерді атап бер!

ІІ конверт сұрақтары:
1. Талшықтың қандай түрлері бар?
2. Киімге қойылатын талаптарды айтып бер!

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: