AЛДАРДЫҢ СИҚЫРЛЫ ОЖАУЫ
 Сыныптан тыс іс - шара
 
 АНАРБАЕВА ФАРИДА СМЕТОВНА
 "24 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
 қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтi пәнiнiң мұғaлiмi
 Қaрaғaнды oблыcы, Тeмiртaу қaлacы
Тақырыбы: "Алдардың сиқырлы ожауы"
Мақсаты:
1. Оқушыларды іс-шара арқылы "Наурыз " мерекесі жайлы түсініктерін кеңейту. 
2. Оқушылардың бойындағы өнерлерін ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
3. Достыққа, татулыққа шақыру. 
Кейікерлер: Алдар көсе, Бай, Бәйбіше. 
Көрнекілігі: (Тегене, ожау, күріш, құрт, тұз, айран, сүт, ет. )
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер!
Наурыз-құтты болсын!
Наурымыз шат- думан көңіл тойы,
Жан берген тіршілікке өмір тойы. 
Кеңпейіл ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы. 
Таң шапағы қарсы алып наурызда, 
Құт-береке тілейміз ауылымызға. 
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық, 
Шат көңілмен бәріміз ән салайық. 
Наурыз! Наурыз! Наурыз! 
Құтты болсын! 
Наурыз! Наурыз! 
Құтты болсын Наурыз! 
Ән: "Наурыз биі " (Екатерина, Зоя)
(балалар орындарына отырады)
Жүргізуші: Қазақ халқында наурыз айының 22-сінде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Бұл күні жұрт жаңа, таза киімдерін киіп, үй -үйге қыдырып, бір-біріне деген таза көңілдерін, ақ тілектерін білдіреді. Әр үйде дастархан жайылып, жеті түрлі тағам түрлері қосылған наурыз көже пісіреді. Шығыста Наурыз-жыл басы. Наурыз көктемгі күн мен түн теңесетін күні тойланады. Наурыздың 21- 22-іне қараған түні мен түн теңеседі. Бұл күні бәрі әдемі киініп алып ,бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Мерекеге арнайы жеті түрлі тағамнан наурыз көже дайындалады. 
Залға әндетіп Алдар көсе (Дәмежан)кіреді:
Мен Алд
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
