Мақсаты: 1. қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3. шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, сөзжұмбақтар
Біздің Елбасымыз-Н. Ә. Назарбаев
Әнұран орындалады.
1- Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2- Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған "Алғашқы көшбасшы" атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың арқасы. Нұрсауле сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 24 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1- Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2- Жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Мұхтар Шахановтың Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы" өлеңін тыңдайық.
1-жүргізуші
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>