Алғашқы көшбасшы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны -- біз-дің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. деп Н. Ә. Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы - Президент. Латын тілінен аударғанда "президент" сөзі "алдында отырған" деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
1-жүргізуші: Ендеше не тұрыс , сайысымызды бастаймыз. Сендерге алдарыңда үш тақырып бойынша 10 мен 40 аралығында сұрақтар жасырылған. Әр топтан топ башысы тақтада көрсетілген 3 тақырыптың біреуін таңдап,ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Дұрыс болған жағдайда ұпай саны қосылады. (интерактивті тақтада сұрақтар көрсетіледі)
2-жүргізуші: -Жарайсыңдар балалар! Келесі сайысымыз "Тапқыр болсаң тауып көр" деп аталады. Бұл сайыста барлықтарыңа бірдей "Елбасы" деген тақырыпта сөзжұмбақ беріледі. Сөзжұмбақтағы сұрақтарға жауап беріп, ұяшықтарға жазамыз. Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Еліміздің басшысы кім? (Назарбаев)
2. Тұңғыш Президент күні қай айда? (желтоқсан)
3. Н. Назарбаевтің әкесінің есімі ? (Әбіш)
4. Еліміздің бас қаласы? (Астана)
5. Тіліміз қалай аталады? (Қазақ)
6. Президентті кім сайлайды? (Халық)
1-жүргізуші. Бұл кезеңнен де сүрінбей өттіңдер. Жарайсыңдар! Ендігі сайысымы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: