Алаштың ардақтысы-Гүлнәр Дулатова

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

құбыласы ашыл - май, кемшін соғып жатар еді. Ақ тілеулі Баукем-ай!
- Әй Мекемтас, Гүлнәр келін жақын жеңгең болады, сыйласып, сырласып жүр. Бүгінгі біздің әулеттің ең озық өнегелі, әдепті келіні, әкесі арыс Міржақыптың:
"Мен біткен ойпаң жерге
аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!", - деген өлең сөзінің патриоттық рухтық отты лебі алаулап тұрады. Ұқтың ба?! - деп қадала қараған еді.
Әкеме ыстық ықыласы - мен бір жығылған адам сондай-ақ болар. Ұлтқа деген сүйінішті ұлы жүрек тұлғалар - ды бөле-жара қаратқыз - бай - тынын енді түсіндім. Жүз жылдық тойын да ел-жұрты сән-салтанатымен атап өткенін көріп-біліп отырмын. Елдік сынынан мүдірмеудің белгісі де бұл. Тәуелсіздіктің зор мүмкіндігі деп бағалаған жөн.
Алыптардан да ағаттық кетеді дейді. Мүмкін ондай "ағаттықтардың" өзі тұтас халықтың мүддесін көздегендіктен жасала - тын шығар, бәлкім.
Не көрмедік бұл пәниде! Не бір тү - сін - бестік халге де душар болдық. Алматы паркінің бірінде күзгі жапырақ - ты аяғыммен үйгіштеп, соның қызығына батып тұрғанымда, ту сыртымнан естілген: "Гүлнәр, сенбісің?" деген дауысқа жалт қарасам, алдымда Мұхтар Әуезов тұр екен. Ағаның ұсынған қолын алып сәлемдестім. Мұхтар аға баяғы бала кезімдегідей бетімнен сүймеді, оны көңіліме алғаным жоқ, бойжеткендерді сүймейтін болар деп ойладым. Көрмегеніме 5-6 жылдай уақыт өтіпті. Отызыншы жылдары ұсталып, түрмеде отырғанын білетін едім, босап шыққанын естіген емеспін. Өзінің сұрауы бойынша хал-жайымды аңқылдап айтып келемін. Бір кезде ол менің бетіме тура қа - ра - мастан қарлығыңқы, булыққан дауыспен жайлап қана: "Қарағым Гүлнәр, енді келешекте кездескенімізде бір-бірімізбен танитын кісілерше амандасып, сө

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: