ралы адам айтса нанғысыз басынан кешкен қызықты да қиын сәттерін, әкесі Міржақып Дулат ұлының шырылдап кеткен шындығы жайлы мәліметтер жеткізу. Сол емендей илікпеген, небір сұрапыл дауылдарда сынбаған шынар қыз - мәрт мінезді асыл ана Гүлнәр апайды бүгінгі мен кейінгі ұрпақ біліп, естерінде сақтауына үлес қосу. Жалпы жиылған қауымды ұлтжандылыққа, Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
3. 2. Тақырыптың өзектілігі: Өкініштісі, Міржақып Дулатов жалғыз ұлы Әлібектің қайтыс болғандығын сол күйі естімей кетті. Қайғылы оқиға 1935 жылы орын алған. Қыстыкүні шананың астында қалып қойған бүлдіршін көп ұзамай марқұм болады. Көңіл айтуға Ахмет Байтұрсынұлы мен жұбайы Бәтес апа келген. "Міржақыпқа естіртпе, артымда ұлым бар деп жүрсін" деп айтқан осы кісілер.
Гүлнар Дулатова Міржақыптан қалған жалғыз ұрпақ. Ел егемендігін алғаннан бастап ол әкесінің және өзге де Алаш ардақтыларының мұраларын насихаттаумен келеді.
3. 3. Тақырыптың елеулілігі: - Біз, ерім Әбен екеуміз, Баукеңмен 1958-1970 жылдар арасында үзбей араласып тұрдық. Мені "төре келінім", "профессор келінім" деп атайтын. Бұрын басқа қайна - ғаларыма қазақша сәлем беріп көрмеген басым, Баукеңнің алдында әрқашан қо - лым - ды қусырып, иіліп тағзым ететін едім. Мүм - кін ол кісінің әкеме деген ыстық пейілін сезгендіктен бе екен, әйтеуір, ықыласым ерек - ше болды. Өзі де: "Ескінің көзісің, асыл - дың сынығысың, Міржақып ағамның қызысың", деп, үзіліп отыратын, жарық - тық. "Ал, қарағым, қарап жүруге болмайды, қолыңнан келгенше әкеңнің мұрасын толтыр, суреттерін, кітаптарын із - дестір. Бәрі әлі керек болатынын ұмыт - па", деп, көрегендікпен бағыт сілтейтін. Ақылды кісі ғой, айтқанын білдіртпей орындап жүр едім, әкем ақталғанда бай мұрасын мен жайып салмағанда, төрт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>