Алакөл аппақ айдыным

Страницы: 1 | 2  >  >>

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы (lang-ruАлакольский государственный природный заповедник) , Тентек өзенісағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е. Әуезов 1968 - 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз "құс базары" деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т. б. ) және балқаш алабұғасыҚазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ "Табиғат жылнамасы" жазылады. "Табиғат мұражайы" жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ныңҚазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.
--
Алакөл көліөңдеу
Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл минералды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Сонымен қатар, Сіз көл бойында 35 км соз

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: