ста Латвиялық мекеме жиналысы қабылдаған және осы жылдың 7 қарашасында күшіне енген Латвия Республикасының Конституциясының 85 бабында былай деп жазылған: «Латвияда ата заң негізінде алқабилер соты жүзеге асырылады».
1995 жылдың 30 тамызда Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 жылдың 7 қазанында енгізілген іс жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылуы туралы норма қабылданған болатын. «Сот және сот билігі» бөлімінің 7 бабының 2 бөлігінде былай деп жазылған «Заңда көзделген жағдайда, қылмыстық іс жүргізу алқабилердің қатынасуымен жүзеге асырылады».
Осыған сәйкес Ресей, Украина, Латвия және Қазақстан институционализацияда алқабилердіғ іс жүргізуге қатынасуы туралы сілтеме, арнайы заңдарда немесе заңнамалық нормаларда көрініс тапқан.
Кеңес елдерінде алқабилер сотының институционализациясы заңнамалық актілер, сот құрылысы мен мәртебесі туралы заңда айқындалған.
Белорусь Республикасының Конституциясында алқабилер соты туралы нормалар айқындалмаса да, 1990 жылдың 13 қаңтарында қабылданған «Судьяның мәртебесі мен сот құрылысы» туралы заңында келесі құрам қарастырылған: бір кәсіби судья және 7 алқаби құрамы (8 бап). Алқабилер соты өлім жазасы тағайындалатын істерді, сотталушының қалауы бойынша алқабилер іске қатынасады. Бірақта Жоғарғы Сот 1996 жылдың 7 сәуірінде қабылданған заңды 2000 жылдың кейініне қалдырды.
1. 2. 2. АҚШ пен Еуропа елдеріндегі алқабилер сотының конституциалық заңнамасы.
Үлкен дәстүрлі тарихы бар елдердің сотжүйесіндегі конституциясында алқабилер сот институциясының қолданылуы туралы нормалары жиі кездеседі. Кейбір елдердің конституциясында алқабилердің мәртебесі мен олардың қолданылу жағдайлары туралы жазбалар енгізілген.
Англо-американдық құқығындағы алқабилер сотын
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>