Акробатикалық жаттығулаларды үйрету. Алға артқа аунау, жауырынға тұру

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ады.
Негізгі бөлім 20-22 минут

Жалпы оқушыларды сапқа тұрғызып жаңа сабақты түсіндіру.
Акробатикалык алға қарай тоңқалаң асу, денені жинақтап алып аударылып түсу. Оған керісінше, артқа қарай домалап, асып түсу, жаттығудың аяқ кезінде қолды тіреу арқылы денені аударып түсіру.
Алғада, артқада домалап түсуді орындау үшін жинақталу қажет. Жинақталуды үйренген соң, бастапқыда біреудің көмегі арқылы, алға қарай домалап түсуге көшу керек. Оқушы жүрелеп отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында басын төсенішке тигізбей екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп, денені бірден аударып түсуге көмектеседі.
Артқа қарай домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілеуден бастаған жөн. Сосын жауырынға тұрған қалыптан артқа қарай аударылып, қолды иықтан асыра еденге тигізіп қайтадан жүрелеп отыру. Келесі кезек-жүрелеп отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу.
Жүреден жартылай отырып, артқа тоңқалаң асу, аяқты түзу ұстап жауырынмен тұру, сосын алға тоңқалаң асу, соңында түзуленген аяқты жіберіп, алақанмен еденге тірелу, қайтадан қалпына келу. Дәл осылай, бірақ қолмен ешнәрсеге тірелмеу керек.

Берілген көрсетілген тапсырманы нақты
орындалуына назар аудару жеке-жеке
орындалуына техникасына қатты мән беру. Кауіпсіздік ережесін сақтау. Гимнастикалық төсенішке отыруына , тұруына кадағалап, қателіктерін айтып көрсетіп жасату керек.
Жалпы акробатикалық жаттығуларды үйренушінің қасында қауіпсіздендіруші болғаны жөн.




Қорытынды бөлім 3-5 минут
Оқушыларды сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау, қателіктерін айту,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: