Ахмет Йасауи

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ахмед Ясауи өзінің "Хикмат" атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды,тұрмыс-тіршіліке тартымды кеңестер береді,байлыққа құмар болмауға шақырады,әділеттілікті жақтайды.
Жеті жаста Арыстанбаб келді маған,
Хақ Мұстафа аманатын берді маған.
Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,
Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.
Құрма беріп, мейірлене назар салды,
Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды.
Еркелете шақырып қасына алды,
Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.
Сөздікпен жұмыс: Нәпсі-ішіп-жеу,пенделік қажеттері
Хақ Мұстафа аманаты-Мұхаммед пайғамбардың аманат қылып берген құрмасын айтады.
Мақшар күні-о дүниедегі сұрақ күні
Тәуба- шүкіршілік қылу
Ысырат көпірі- о дүниедегі қыл көпір

Кітаппен жұмыс: Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада?
2. Йасауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай?
3. Йасауи кесенесін кім тұрғызған?
4. Ақынның имандалық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқып келу.





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: