тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жол-дарын баяндап береді. Аузымен "Аллалаған", бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.
Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұста-зының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы -- Түркияға дейін таратып алып кеткен.
Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғам-бардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына - - қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуга, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.
Кітаппен жұмыс: Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ахмет Йасауи туралы оқып, деректер жинап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы : Ахмет Йасауи
Хикметтері
Сабақтың мақсаты : а) Ахмет Йасауи хикметтерінің мазмұнын түсіндіру,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау ,іздендіру
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар, суреттер
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>