Aфрика

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы бүкіл Африканы қамтыды. Африка континенті халқының көпшілігі үшін отаршылдықтан азат болу ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Көптеген африкалықтар демократия мен тәуелсіздікке құқымыз бар деп ойлады.
1945-1980 жж. ұлт-азаттық қозғалыс екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең 1945 жылдан бастап 50 жж. ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Оның мынадай сипаты болған: отаршылдыққа қарсы күресте шерулер, ереуілдер, азаматтық бағынбау қимылдары сияқты бейбіт әдістер басым болды.
Ұлт-азаттық қозғалыстың екінші кезеңі 50 жж. екінші жартысынан бастап 80 жж. дейін созылды. Бұл Африкадағы отаршыл империялардың біржола ыдырауына жеткізген отаршылдыққа қарсы революциялар кезеңі болды.
50-жж. ортасы - 1960 жж. - Тропиктік Африкада отаршылдық жүйенің тамырына балта шабылды.
1960 жылы тарихқа "Африкаж" болып енді. Бұл жылы 17 британ, француз және бельгиялық отарлар өздерін тәуелсіз мемлекеттерміз деп жариялады.
Артта қалған, көшпелі шаруашылықпен шұғылданған Ливия елінің өмірі 50-жж. екінші жартысында күрт өзгеріске түсті. Оған мұнай көздерінің ашылуы себеп болды.
1960-1961 жж. Конго республикасында тәуелсіздік алу үдерісі әр түрлі саяси күштердің аса шиеленіскен күресімен қатар жүріп жатты. Алтынның, платинаның, алмастың, уранның, т. б. көп қорлары бар аймақ - Оңтүстікті отаршылдар қолдан бергісі келмеді. Анголада, Мозамбикте, Зимбабведе, Намибияда тәуелсіздік үшін қарулы күрес өрістеді.
КСРО Африка елдеріне социалистік бағдар жолын - социализм орнатуға жеткізетін құрылыстарды бірте-бірте жүзеге асыру жолын ұсынды.
Кеңес үлгісіндегі аграрлық реформалар социалистік қайта құру бағытын таңдаған Африка елдерінде ауыл шаруашылығы құлдырап, ашаршылық басталды. Ангола мен

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: