Мозамбикте, Ганада, Танзанияда, Эфиопияда, солай болды. Социалистік бағдар алған елдерде индустрияландырудың көлемі шектеулі болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы отарлардың алдында қазіргі мемлекетті басқара білуге үйрену міндеті тұрды. Африка жетекшілері саяси партиялар арасындағы бір-бірін бөліп тұрған шеп тайпалар арқылы өтетінін түсінді. Ұлтты топтастыру үшін олар бір партиялық жүйені таңдап алды.
Күштерді біріктіру Африка елдері үшін басты міндеттердің біріне айналды. Олар тек бірлескенде ғана ойдағыдай дами алатын еді. 1963 ж. ұзақ келіссөз жүргізгеннен кейін тәуелсіз Африка мемлекеттерінің мемлекет және өкімет басшыларының конференциясында Африка Бірлігінің Ұйымы (АБҰ) құрылды. АБҰ өзінің қызметінде Африка мемлекеттерін отарлық тәуелсіздіктен толық азат ету жолындағы күреске жұмылдырды.
1953 жылы 18 маусымда Египет Республика болып жарияланды. А. Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылы күзінде Египеттің Израильмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалына ұласты.
Сирия 1958 жылы ақпанда Египетпен бірігуге келісіп, Біріккен Араб Республикасы құрылды. Оның президенті А. Насер болды. Бірақ 1961 жылы күзде Сирия қарулы күштері толқып, өз елін бөлек шығарып алды.
1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналаына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания, Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды.
1967 жылы Израиль басып алған жерлерді Египетке қайтарып алу ұзақ уақыт бойына оның өзекті мәселесі болып келді. 1978 жылы Кэмп-Дэвид
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>