Аңдар қысты қалай өткізеді

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне
Техналогиялық картасы
Білім саласы: Таным.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:"Аңдар қысты қалай өткізеді?"
Мақсаты: Ормандағы аңдардың тіршілігімен олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру. Балалардың аңдарды сипаттауға салыстыра білуге жаттықтыру тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, сергіту сәті, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: Орман, орман аңдарының суреттері.
Билингвальды компонент: Қыс - зима, орман - лес, қасқыр - волк, қоян - заяц, түлкі - лиса, аю - медведь.
"Кубизм" стратегиясы: кубиктің қырларына жабайы аңдар суреттерін қою арқылы, кубикті лақтырып, сол аң қысты қалай өткізетіні туралы айтқызу
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар, бүгін күн қандай керемет, ерекше күн. Қане барлығымыз бір - бірімізге жылу, көтеріңкі көңіл сыйлай отырып, келген қонақтармен сәлемдесейік.
Аппақ, аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ
Шұғыласын шашатын
Арайланған таң аппақ.
Сәлеметсіздер ме!
Балалар өлен жолдарына сәйкес кимылдар жасайды
Тәрбиеші:-Ал балалар, қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші.
Балалар:-Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:-Қыс айларын атап беріңдерші
Тәрбиеші: -Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
Балалар -Қыс мезгілі.
Балалар: -Су қатады, қар жауады, боран болады, айналаның бәрін қар басады.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, балалар айналаның бәрін ақ қар басады
Тәрбиеші:-Балалар фишканы алып үш топқа бөлінеміз.
Іздену ұйымдастырушылық:
Тосын сәт: Есік қағылып ішке Маша кіреді. (Қолында себеті бар)
Маша-Сәламетсіздер ме, балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Маша: -Ой, балалар мен Аю досымды табалар емеспін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: