дің қалай әсер ететінін білу қиын емес.
Біреудің өзіңе пейіл білдіру сәтін еске түсіріп сезінсең болды.
Мен өзім пейіл білдіруді жақсы көрем. Сондықтан әрдайым
айналадағыларға, яғни туған-туысқандарыма, жора - жолдастарыма
пейіл білдіріп, мерейін көтеріп жүруге тырысамын.
Сыпайылық дегеніміз не?
Адам өмірде әдепті, ұқыпты болуы керек. Сыпайылық үлкенге құрмет, кішіге ізеттен басталады. Ұл ұятты, қыз инабатты болса, сыпайылық деген осы. Өзіне тән жұмсақ мінезіңмен әрдайым сыпайы бола білсең - әдептіліктің кепілі. Сәлемдесуден қоштасуға дейінгі әдептілік те сыпайылық болып табылады. Үлкенге де, кішіге де сыпайылық таныта білу әдептілікке жатады. Сыпайы болсаң өзіңе жақсы, айналаңа сыйлы боласың.
Қандай адамды тәрбиелі адам дейміз?
«Тәрбие тал бесіктен» демекші әрбір адам тәрбиелі, саналы болуы керек. Тәрбиені адам бойына жастайынан сіңіру керек. Тәрбиелі адам әрқашан дұрыс жүру, дұрыс сөйлеу әдебінен жаңылмақ емес. Әрқашан барлық жақсы нәрсе тәрбиеліліктен басталады. Көшеде кетіп бара жатып жаман сөз айтып айғайлап жүрген адамдарды көресің. Сонда бұл не нәрсе деген ой еріксіз санаңда жаңғырары анық. Өмірдегі ең жаман нәрсе «тәрбиесіз» деген сөз деп ойлаймын. Тәрбиесіз болсаң бірінші өзіңе, одан кейін ата – анаңа сын. Ата – ананы ренжітпеу олардан алған тәрбиені дұрыс қабылдағаның болып есептеледі.
Мұсылмандық әдеп
( Мамандар пікірі тыңдалады. )
Ең алдымен адамның әдептілігі мен мәдениеттілігі өзара сәлемдесуден, хал – жағдай сұраудан басталатындығы белгілі. Бұл жөнінде жаратушы иеміз: «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар». Шариғат бойынша сәлемдесуде 100 сауап болса, соның 99 сәлем бергенге, ал біреуі ғана сәлем алғанға жазылады екен. Кейде үлкен кісілердің өзіңнен бұрын сәлем беруін
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>