үнемі адамдар арасында жүреміз. Көшеде, кинода, автобекеттерде, автобуста, вокзалда т. б. жерлерде кейбір мәдениетсіз қылықтардан ұяласың. Ол тұрғындарды да, өзін де сыйламау. Жасы үлкенге жол беру, орын беру, көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек кездеседі. Менің ойымша бұл - әдепсіздік.
3 – оқушы: Сәлемдесу әдебі. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлем алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек. Мысалы, кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын.
4 – оқушы: Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп, көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде жан – жағына қарау, теңселу, алаңдап жан – жағына қарау, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай – ақ асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау - әдепсіздіктің белгісі.
5 – оқушы: Әдемі, таза киіну әдебі. Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне, талғамына байланысты. Жүріс – тұрысымыз, сөзіміз, ісіміз, киіміміз рухани талғамды қажет етеді. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды киімді таңдап, үнемі таза жүре алады.
6 – оқушы: Мен өз бойымда кемшіліктердің барын білемін. Әрдайым өз кемшіліктерімді жою үшін өзімді қадағалап отыруға тырысамын.
Оқушылардың әдеп нормаларын білуін тексеру.
(Оқушылар мына сұрақтарға өз ойларымен жауап береді. )
Адамға ар – ұят не үшін керек?
1) Пейіл білдіру қажет пе?
2) Сыпайыгершілік деген не?
3) Қандай адамды тәрбиелі адам дейді?
4) Жақсы әрекеттерді ата. ( салмақтылық, ұстамд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>