Адамгершілік – адамның рухани арқауы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ot;Жаман дос жолдасын қалдырар жауға" -- деген мақалдардан көруге болады.
Үлкенді сыйлау -- адамгершілік тәрбиенің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Демек, шәкіртке жан-жақты білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы -- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің қоғам алдындағы борышымыз. Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие - балалардың адамгершілік сана -- сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. "Үлкенді сыйла", "Сәлем бер, жолын кесіп өтпе" деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық "Иман жүзді кісі" деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Олай болса, адамгер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: