Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ 1
Пән: биология Күні:
Сыныбы: 8
Тақырыбы: . Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена.
Адамның биоәлеуметтік табиғаты.

Білімділігі: адам организмінің әрекеттерінің механизмдері мен заңдылықтарын білу, ауруларды алдын алу, денсаулықты сақтау және ұзақ өмір сүру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге үйрету.
Дамытушылығы: Өздігінен іздену, қосымша материалды пайдалану, ғалымдардың еңбектерін оқып үйрену.
Тәрбиелілігі: Салауатты өмір сүруге машықтандыру.

Сабақтың түрі: ізденіс, кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: ой-өрбіту, проблемалық ситуация, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ғалымдардың суреттері, кітап, дедактикалық
Технологиясы: Ж. А. Қараевтың "Үш өлшемді әдістемелік жүйе" (ҮӘЖ)

Сабақтың барысы:
I-кезең.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.

Көпір тапсырмалары:
1. Салауатты өмір салты туралы не білесің?
2. Денсаулық деген не?
3. Дұрыс тамақтанбаған жағдайда не болады?

II-кезең
Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту
Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (БДҰ) анықтамасы бойынша: "Денсаулық дегеніміз - аурулар мен дене кемістігінің болмауы ғана емес, дене, рухани және әлеуметтік саулықтың толық болу жағдайы".
Зерттеулер жүргізуге препараттар жасау, бөлшектеу, тәжірибелік, микроскопиялық, салыстырмалы анатомиялық және басқа да әдістер қолданылады.
Адам анатомиясы мен физиологиясы медицинаның негізі болып табылады.


Терминологиялық дәптермен жұмыс
Адам биологиясы - адамның шығу тегі, эволюциясы, географиялық таралуы мен оның организмінің құрылысы, қызметі және дамуы туралы ғылым.
Адам анатомиясы (грек.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: