Адам қаңқасының негізгі бөлімдері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Айкенова Айжан Сериккановна Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжайық орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
«Адам қаңқасының негізгі бөлімдері»
Сабақтың тақырыбы: «Адам қаңқасының негізгі бөлімдері »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тірек-қимыл жүйесімен танысу. Зиянды заттардың тірек-қимыл жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың адам қаңқасындағы сүйектерді ажырата білу, олардың маңызын білу қабілеттерін дамыту. Ақпараттық оқыту құралдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына жағымды көзқараспен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, таратпа материалдар, тест тапсырмалары, адам қаңқасының моделі, суреттер.
Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі, математика
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Рефлексия.
Сәлеметсіздерме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйлерін білдіреді.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары төмен қарайық,
Оңға –солға түзу тұр.
Солға оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушыларды топқа бөлу (оқушылар алдарыңда түрлі-түсті сүйектер жатыр, барлығымыз келіп топқа бөліну үшін өзімізге ұнағанын таңдап алайық), Жалпақ сүйектер 1-топқа, қысқа сүйектер 2-топқа отырамыз.
«Миға шабуыл»: жұмбақ шешу
Күбір-күбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
Осы айтқан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: