ң білсеңіз.
3) Досыңа достық - қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!
4) Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
5) Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос. . .
6) Зайырлы қоғам, жоғары руханият - Мәңгілік Ел!
"Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы мен ерен құбылыс саналардай ерекшелігі -- отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасты, жиренудің орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен жаңа қасиеттерімен байытқандығы. Абай армандары -- тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында оның орайын келтіруге мүмкіндік енді туып отыр"
Н. Ә. Назарбаев
Абай сан сұраққа жауап іздейді. Қара сөздеріндегі "қазақтың жалқау болатұғын себебі не?", "үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен?" "Ырыс алды - тірлік дейді, бұл қай тірлік?" "Осы ақылды кім үйренеді, насихатта кім тыңдайды?"т. с.
Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
Жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер -
Ынтымақтан туындар бар жақсылық - деп, Фариза апамыз жырлағандай Абай тірлікті, білім, ғылымсүйгіштікті, ынтымақты, ырысты қалады. Абайдың нақылы үлкен ой, терең мазмұнды, халықтың нақыл сөздерімен де, шетелдің ақыл иесі, ұлы адамдарының нақыл сөздерімен де тең түседі. Басқаларын былай қойғанда, Абайдың "Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады" дейтін сөзі - асқан құнды пікір де, қорытылған өмір шындығы. Абайдың нақыл сөздерінің ішінде бүгінгі жастарды тәрбиелеу үшін де пайдалы жақтары көп. Оның қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамге
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>