Мақсаты:
Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Түрі: Әдеби-сазды кеш.
Көрнекілігі: Көрме, интерактивті тақта, Абай туралы фильмнен үзінділер.
Жоспары:
1. Алғы сөз.
2. І бөлім - Абай туралы.
3. ІІ бөлім - Абай өлеңдері.
4. ІІІ бөлім - Абай аудармалары.
5. ІV бөлім - Абайдың қарасөздері.
6. V бөлім - Абайдың әндері.
7. VІ бөлім - Абайдың поэмалары,
8. VІІ бөлім - Абай өлеңдерін жатқа оқу.
9. VІІІ бөлім - Абай өлеңіне сурет салу.
10. Қорыту.
Көрініс: "Сүйіндік аулында Абай мен Ербол"
Автор сөзі: Сүйіндік аулында жастар жиналып алты бақан болғалы жатыр.
Жүргізуші: Қуанышбай Дәурен.
- Армысыздар, құрметті көрермен қауым! "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. " атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі кешімізді өткізудегі негізгі мақсатымыз: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Жүргізуші: Құрманбай Жания.
Бұл шара "Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы" аясында ұйымдастырылып отырғандықтан, бүгнгі кешімізде Абай өлеңдері оқылып, әндері айтылып, көріністер тамашалайсыздар.
Ендеше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
АБАЙ. Азан шақырып қойған есімі Ибрахим Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей уезі Шыңғыс болысында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінде аға сұлтан болған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, атасы- Өскенбай, арғы атасы- Ырғызбай.
Абай - әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тірбиесінде болған.
Жүргізуші: Қуанышбай Дәурен.
І бөлім - Абай туралы
- Абай - қазақ даласын на
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>