болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған.
2. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары "қара сөз" деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар.
Абайдың қара сөздерінің саны -45. Қара сөз -- арабтың "ғақлия" деген сөзімен мәндес. Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер - көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы "Абай" журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б көптеген тілдеріне аударылды.
Әуелі "Жарлы болсаң, арлы болма" дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.
"Қалауын тапса, қар жанады","Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ" деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>