Абай Құнанбайұлының 29 қара сөзі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі

Сабақтың мақсаттаары:
1. Білімділік: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу;
2. Дамытушылық: мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту; шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі:шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғау, іздену
Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша слайдтар
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.
Ой қозғау. Нені білеміз?
Өткен сабақта Абайдың өмірі, ақындығына, оның шығармаларына тоқталған болатынбыз. Сонымен бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша Абай жөнінде сұрақтар қойылады. "Қансонарда бүркітші шығады аңға", "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңдерін жатқа сұралады.
Сабақ барысы туралы түсінік беру.
Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек,
Еңбекті сат,ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды әрі қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.
1. Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы. Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: