Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын.
Балалар,Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз"- деген үзінді аталарыңның қай өлеңінен алынған?
- Осы "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып бере алады?
Сергіту сәті:Күміс құмған - ай (би)
Рефлексиялық - бағалау кезеңі
- Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)
-"Жақсы сөз - жан азығы" - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір - бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:
Жүрекше соңында педагогтың қолына қайтып келеді.
III. Қорытынды бөлім.
"Ыстық картоп" ойыны арқылы сабақты қорытындылау.
Сұрақтар:
1. Абайдың шын аты кім?
(Ибраһим).
2. Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?
(Жиырма жеті шығарма аударған).
3. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.
( Зере, Ұлжан. )
4. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
(1895).
5. "Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев" деп атаған кім?
(Ахмет Байтұрсынов).
6. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.
(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман. )
7. " Абай жолы" романын кім жазды?
( Мұхтар Әуезов).
8. Абай кімге ғашық болды?
(Тоқжанға)
9. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы болды?
(Абайдың ағасының баласы. )
10. Абайдың туған жылы?
1845 жыл
11. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының аты?
Михаэлс
12. Абайдың неше қара сөзі бар?
45
Үй тапсырмасы: "Өлең -- сөздің патшасы, сөз сарасы" өлеңді жаттау.
Ақыл-ой,ақындықтың киесі -- Абай,
Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>