Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы
Класс: 7
Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы.
Сілтеме: Оқулық, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты қосымша материалдар.
Мақсаты: Абай өскен ортаның әлеуметтік - саяси жағдайын түсіндіріп, шығармашылығын шолу.
- оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр - сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерін игерту
- есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыра отырып, оқушының ой - өрісін дамыту және жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру
- туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелеу келе адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты игеру
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, поэзия минуты, түсіндіру, баяндау, ойқозғау, талдау, суреттеу, қорғау.
Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті, ән - әуез.
Көрнекілігі: Ақынның өлеңдер жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттері, интерактивті тақта.
Оқыту нәтижесі: Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын ұлы Абайдың шығармашылығы мен нақыл сөздерімен толықтыру.
Тірек ойлар: "Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс". (Нұрсұлтан Назарбаев)
Сабақтың мазмұны
Шақыру
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, назарларын бүгінгі сабаққа аудару. Оқушылардың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау.
Флеш - тренинг:
"Сәлемдесу" Флеш - тренингтің өтуіне ықпал жасайды.
Мақсаты: класта жылы, мейірімді атмосфераны орнату.
Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, өздеріне ұнайтын оқушымен жұптасып, мұғалімнің жүргізуімен түрлі елдердің амандасуын өткізеді.
Үнді елі - қос қолы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>