Абай Құнанбаев 175 жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жүргізушілер: Молдахмет Дина; Махмет Назира.

Дина:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірлі қонақтар!
Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Аталған құжатқа сәйкес, қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы 2020 жыл елімізде тойланады.
Бүгінгі жиын Абай жылының ашылуы болып есептеледі.
Халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, данышпаны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құтты болсын!
Назира:
Абай - дара, Абай - дана қазақта
Төзе білген заманында азапқа
Көтерем деп қайтсем қара халқымды
Заманынан оза білді талпынды
Еш кетпеді ұлы жанның арманы
Ұрпақтары ақындығын жалғады
Өзі өлсе де сөзі өлмейді ақынның
Қарашықтай қазынасын қорғады
Дина:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Назира:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, ұлы тұлғамыз - Абай Құнанбаев туралы біз не білеміз?

2 сынып
Абай Құнанбаевтың шын есімі: (Ибраһим) бірақ әжесі Зере, еркелетіп Абай деп атап кеткен.

3 сынып
Абай Құнанбаев 1845 жылы. тамыз айында қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралыда туған.

5 сынып
Абай Құнанбаев ол ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: