Абай мен Әбіш

Страницы: 1 | 2  >  >>

Мектебі: 16 Д. Жазықбаев атындағы мектеп
Сынып: 3
Пәні: Әдебиеттік оқу
Мұғалімі: М. Баймешова
Сабақтың тақырыбы: Абай мен Әбіш (Ел аузынан)
Мақсаты: Білімділігі: Абайдың заманындағы ұлы тұлға екендігі, ұлттық мәдениетіміздің, тарихымыздың өшпес мұрасы екендігін ұғындыру. Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәліметтер беру және әңгімені оқып, мазмұнын ашу.
Дамытушылығы: оқушылардың ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып , шығармашылықпен жұмыс істей білуге, оқып білуге ынталандыру, ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Өз пікіріне тұжырым жасай білуге, көркем сөйлеуге дағдыландыру. Өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: оқушыларды адамгершілікке, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ұлтжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Жамандықтан, арамдықтан аулақ болуға, істеген істерін әрқашан ойланып істеуге, ақылды болуға, жауапкершілік сезімі бар өнегелі тұлға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: СТО стратегиялары.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, кесте, Абай қара сөздерін тыңдау.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы таратылады. Сабақ аяғында оқушылар сол парақ бойынша өздерін бағалайды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. " Ой қозғау" стратегиясы
"Нағыз адам" әңгімесі бойынша сұрақтар қою.
"Суреттеу" стратегиясы.
Осы тақырып бойынша қандай сурет салар едің ?
Ой толғаныс. "Екі түрлі түсініктеме күнделігі" стратегиясын пайдалану. Яғни бұл жай адам емес, бұл нағыз адамның өзі деген екі пікір бойынша өмірде кездесетін оқиғалардан берілген пікірлерге нақты мысалдар келтіріңдер?
Топтаст

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: