Абай мен Әбіш

Страницы: <<  <  1 | 2

ыру стратегиясы.
Нағыз адам қандай болу керек деп ойлайсындар? Нағыз адам сөзін естігенде көз алдарыңа қандай адам елестейді? Нағыз адам болу үшін қандай болу керек? Мектептегі оқушылардан кімді үлгі тұтасыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Мағынаны тану кезеңі. " Сөзжұмбақ шешу"
2. Ой шақыру стратегиясы. " Дөңгелек үстел" әдісі бойынша.
Абай атамыз бен оның баласы Әбіш жайлы түсінік . (суреттер, слайд)
3. Болжай оқыту стратегиясы. Әңгімеде не туралы айтылады деп ойлайсындар?
4. "Кітаппен сөйлеу" стратегиясы.
Әбіштің әке сұрағына берген жауабын нақышына келтіріп оқу.
5. "Хат жазу" стратегиясы.
Абай атаға, Әбішке не деп хат жазар едіңдер?
6. Ой тұжырым
Осы әңгімеге сәйкес қандай мақал айтуға болады?
7. Бес жолды өлең жазу стратегиясы.
8. Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Ендеше Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеміз.
Ақын М. Кемел: "Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі -Абайды оқығандар, екіншісі- Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншісі - Абайды оқымағандар".
Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
9. Еркін жазу стратегиясы бойынша осы әңгімеден қандай ой түйдіңдер, әңгімеден қандай ғибрат, ақыл-өнеге алдындар?- деген сұрақтарға жауап алу.
Абай аталарың неліктен қара зат асыл деп жауап берді деп ойлайсындар ?
10. Шығу стратегиясы. Сонымен бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай әсер алдындар?
ІV. Үйге тапсырма беру. Абай мен Әбіш әңгімесін оқу.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Сабақты қорытындылау.





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: