Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 27. 01. 2017ж
ІІ кіші тобы "Көбелек"
Білім саласы: "Таным", Жаратылыстану
Тақырыбы: "Қағаз бен матаның қасиеті"
Мақсаты: Мата мен қағаздың қасиетін таныстыру. Қоршаған ортадағы заттарға және үлкендердің еңбегіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қағаз және мата түрлері (қиындылар), қағаздан жасалған заттар, матадан тігілген заттар, үтік, шараша суымен
Сөздік жұмыс: үтіктеу, жуу, кептіру,
Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің басқарымдық қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар бізге бүгін Буратинодан хат келіпті.
Буратино Қуыршақ құрбысына көйлек тігіп бергісі келеді екен
Бірақ неден тігетінін білмейді
Көмектесейік?!
Балалар хатты көреді
Хатқа қызығады.
Хатты тыңдайды
Көйлекті матадан тігуге болады.
Балалар тәрбиешінің ұсынысына келіседі.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Ол үшін балалар қағаз бен матаны тексерейік
Билингвальдық компонент: мата - ткань, қағаз - бумага
Әр балаға қағаз бен мата бөліктері беріледі.
Ал енді қағаз бен матаны қолымызбен сипап көрейік
Қағаз бен матаны суға салып жуып көрейік.
Матаны кептіріп, үтіктеуге болады, ал қағазды кептіруге де, үтіктеуге де болмайды.
Сергіту сәті (дұрыс, бұрыс)
Балалар сендер ойынды жақсы ойнадыңдар рахмет
Балалар қараңдаршы үстел үстіндегі заттар бір-бірімен араласып кетіпті соларды бөлейік
Балалар қағаз бен матаны қолдарына алады
Қағазды жыртады
Матаны жыртуға тырысады, бірақ мата жыртылмайды.
Мата - шыдам
Страницы: 1 | 2 > >>