Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу
Тақырыбы: "Аққала"
Мақсаты: Балалардың қар жайында түсініктерін бекіту, қайталау. Өз ойларын жүйелі түрде айта білуге үйрету. Дөңгелекті көлеміне қарай орналастыра отырып, аққала салып үйрену.
Әдісі: Көрсету, түсіндіру, сурет бойынша әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мадақтау.
Қажетті құралдар: Үлгі суреті, қағаз, көгілдір гуашь, су құйылған ыдыс, сүрткіш, қылқалам.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балалар, мені мұқият тыңдаңдар, мен сендерге жұмбақ айтып берейін.
Жұмбақ:
Көктен түсіп көбейді,
Ұқсайды өзі шекерге.
Бірақ ещкім жемейді,
Жерде жатыр бекерге.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
(Қар)
Іздену - ұйымдастырушы
- Балалар, қар жылдың қай мезгілінде болады?
- Біздің жерімізде қар неге көп жаумайды?
- Қарды ерітсек неге айналады?
- Суды қатырсақ неге айналады?
"Қыс қызығы" сурет бойынша әңгіме.
- Суретте жылдың қандай мезгілі бейнеленген?
- Балалар қалай киінген?
- Балалар немен ойнап жүр?
- Қане саусақтарымызбен ойналық.
Саусақ қимыл қозғалысы
Ұл-қыз шықты далаға
Амандасты табысты
Достасты қол алысты
Сырғанады жарысты
Оныменен қоймады
Қызығына тоймады
Сурет салып ойнады
- Қарға сурет салуға болады ма?
- Сендер қардан аққала жасап көрдіңдер ме?
- Олай болса, енді Аққала суретін салып көрейік.
- Бірінші қағаздың астыңғы бөлігіне оңнан солға қарай үлкен дөңгелек саламыз. Оның үстіне кішілеу дөңгелек саламыз. Оның үстіне одан да кішісін саламыз. Ең кішісі аққаланың басы. Ақ
Страницы: 1 | 2 > >>