анысты берілген деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқуға деген қызығушылықтары артады. Оқушы мен мұғалім қарым - қатынасқа түсу барысында оқудың сапасы, сындарлы оқудың негізінде мектепте дарынды және талантты оқушылардың саны, оқуға деген мұғалімдердің көзқарастары артады. Мұғалімдер сабаққа қызыға араласып, қатысып, ой бөлісіп, келешекте өздерінің сабақтарын жаңаша тәсілмен жүргізуге ат салысады. Кері байланыс орнатады. Осы жағдайда мектепте деңгейлі оқуды оқымаған әріптестерімді оқуға тартып, келешекте мектептің барлық мұғалімдері деңгейлі оқудың арқасында мектепке жаңа өзгерістер әкелетініне сенімдімін. Алдaғы жаңа оқу жылында менің мектебімнің де жағдайы көтеріліп, өзгеріс енгізілген жаңа тұлғадағы, сындарлы оқумен қамтылған мектеп болатынына сенімдімін. Мен де aлла қаласа осы оқуды аяқтап келсем: болашақта мектебімнің өзгеріске ену жолында аянбай жұмыс жасаймын. Дәстүрлі оқудан, сындaрлы оқуға көшеміз. Оқушылардың сыни ойлай білу қабілеттерін қалыптастырамыз. Сабақтарды 7 модульді ықпaлдастыра отырып өткіземіз. Lesson Study- дің әдіс - тәсілдерін пайдаланамыз. Мектепте көшбасшылық жасай отырып, ілгері басуына бағыт сілтей отырып мектебімнің өзгеруін бақылаймын деп ойлаймын. Өзгерістің арқасында жаңа - әдіс тәсілдерді енгіземіз. Енгізілген өзгерістердің нәтижесінде жаңа формaциялы мектептің қалпын көремін деп ойлаймын. Қорыта келгенде, мектептің мемлекет алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы қажет. Өйткені жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастырып, білім нәрімен сусындатып, өзінің дәстүрінен алшақтатпай, туған тілін, салт-дәстүрін қажетті деңгейде үйрету - басты міндетіміз. Финляндия мен Сингапур 70 жыл ішінде оқу сапасы жөнінен кереметтей жетістіктерге жетсе неге бізге де осы елдердегідей жетістіктерге жетіп, сапалы білім берудегі мақсат, міндет
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 > >>