9 санын қосу және азайту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пәні: Математика
Күні: 18. 02. 2015 ж.
Ашық сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: 9 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру (сандар құрамы туралы білімдеріне, бөліктер бойынша, қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы негізінде және қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйену).
2) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Логикалық ойлауын, есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділігін арттыру.
3) тәрбиелік: Бірін-бірі сыйлауға, ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау,көрнекілік, "миға шабуыл", практикалық жұмыс, "кубизм"
Көрнекіліктер: түрлі суреттер, ойындар, аққала, үй конструкциялары, доп, куб

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қайталау.
Ауызша жаттығулар орындату (доп лақтыру арқылы есеп шығарту)
"Миға шабуыл", сандардың қосу және азайту кестесін сұрау, тез есептеуге бейімдеу
ІІІ. Жаңа түсініктер мен әрекеттердің қалыптасуы
Психологиялық дайындық.
Қане, достым, санайық!
Беске бесті қосайық.
Дұрыс жауабын тауып ап,
Кілең бестік алайық!!!
oo Міне, балалар, қандай ақылдысыңдар, 55 неше болады, кім бірінші айтады екен! 10 дұрыс. Балалар, қане айта қойыңдаршы, 10 санының көршісі қай сан екен? 9 дұрыс. Балалар, бүгінгі тақырыбымыз осы 9 санына байланысты болмақ. Тақтаға қараңдаршы, қанша көбелек салынған? 9. Оның жанына тағы біреу қосылса ше? Қандай сан шығады? 10. Осыдан 91 10 болады екенін таптық. Ал кер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: