1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 73 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 73 жылдығы.
1. Ерлікке тағзым.
1941 жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Осы соғысқа Қазақ жерінен 1 млн. 70мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты. Ал көпшілігі хабарсыз кетті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ендеше сол соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан батырларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, отан үшін жанын қиған боздақтардың ерлігіне тағзым етейік. Оқушылар гүл шоқтарын қояды.
1минут үнсіздік.
2. Ер есімі -- ел есінде.
Оқушыларға интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар өздері тамашалай отырып, өз ойларын ортаға салады. Топтық тапсырмалар орындайды.
1-топ "Соғыс" Оқушылар "Соғыс" сөзді естігенде көз алдарыңызға не нәрселер келеді? Топтастыру жасаймыз. Постерге түсіреміз.
2-топ "Бейбітшілік" Оқушылар "Бейбітшілік" сөзді естігенде көз алдарыңызға не нәрселер келеді? Топтастыру жасаймыз. Постерге түсіреміз.
3-топ Кестені толтыр. Қағаз бетіне Бауыржан, мәншүк, Әлия, Рақымжан, Хиуаз т. б батыр ата-әжелеріміздің аттары жазылған. Солар туралы мәліметтерді оқушылар ортаға салады, талдайды.
4-топ Мақалды аяқта. Оқушыларға батырлы, ерлік туралы мақал-мәтелдердің басы берілген, аяғын оқушылар тауып жазады, м
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>