ртегісі"
"Официанттар" биі
"Қызым" биі (әкелермен би)
Ойындар:
"Анамен тамақ пісір"
"әже"
Сахналау:
"Үш ана"
Ертеңгілік барысы:
Музыкалық зал мерекеге байланысты безендірілген. Залдың шетінде бар тұрағыш орналасқан. Оның үстінде "Бал бұлақ" кафесі деп жазылған. Көрермендер залында кішкентай үстелдер және орындықтар орналасқан. Үстелдердің үстінде гүлмен құмыра, концерттік бағдарлама жатыр. Ата-аналар залға алдын ала кіріп орындықтарға отырады.
Ән: "Бүгін бізде мереке" балалар әнмен кіреді. (алдымен ұлдар кіреді. Бірінші шұмағын орындап, қыздарды шақырады)
Әнді орындағаннан кейін балалар отырмайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, қаладағы ең жақсы "Бал бұлақ" кафесінің құметті әрі қымбатты қонақтары. Бүгін біздің мейрамханамызда әдейі шақырылған қонақтар отыр. Оларға бүгінгі құттықау концертімізді арнаймыз!
(балалар бір бірден ортаға шығып тақпақтарды айтады)
1 бала:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
2 бала:
Сырнай тартып, би билеп,
Тойларыңа балалар.
Бағалаймыз еңбегін
Аман болсын аналар.
3 бала:
"Жаным" дейсің мені,
Жаратушым - бір сен.
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
4 бала:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
5 бала:
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
6 бала:
Анамның түссе қабағы,
Шаттанып мен күлмеймін.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>