7 саны мен цифры

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: 7саны және цифры
Сабақтың мақсаты: 1. 7саны және цифрымен таныстыру. 7санының шығу тарихын ұғыну. Киелі сан екенін меңгерту.
Саналы түсіну машығын жетілдіру
2. ә) Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды
табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы
танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
3) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, интерактивті тақта, суреттер т. б
Сабақтың түрі: дәстүрлі, кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ертегі желісімен

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабаққа назарын аудару.
Бүгін балалар бізде ерекше сабақ болады. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Бір сабақта бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Сабағымыздың мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу, тиянақтау Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
2. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: - Екі көз не үшін керек?
Балалар: - Жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Балалар: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?
Балалар: - Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.

II. Жаңа сабақ
Теориялық білім беру
617
7см 6см
Баспа және жазба түрі

"Жеті лақ"ертегісіне саяхат жасаймыз. Ертегі тыңдауға дайынбыз ба?
Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! М

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: