ен қайтып оралғанда есікті қағып: "Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деп ән саламын",- дейді.
Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды. Қасқыр үйге жақындап келіп, өзінің қарлыққан, қырылдаған даусымен:
- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!,- деді.
Лақтар:
- Естідік! Тыңдадық! Бұл - анамыздың дауысы емес. Біздің анамыз жіңішке, нәзік дауысымен әндетеді. Кет, қасқыр, біз саған есікті ашпаймыз,- деп жауап қатты.
Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң - тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деп әндетті.
Лақтар есікті ашты. Жауыз қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды. Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді. Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкі көрінбейді. Пеш ішінен лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнмен жылады.
-"Лақтарым, шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым! Есікті ашып қасқырға жем болдыңдар!
Енді не істеймін деп тұрғанда бір қағаз тауып алады. Ешкі сен оқушылардан көмек сұра. Ашық хаттың ішіндегі тапсырмаларды дұрыс орындаса лақтарыңды қайтарамын. Әр тапсырмаға 1 лақтан жіберемін деген екен. Ал дұрыс орындамаса қайтармаймын де
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>