екенсіңдер. Ал қане кім өзінің жеті атасын біледі екек? 2 - 3 баладан сұрап шығу.
Мақал - мәтел
Балалар 7 саны туралы мақал - мәтел білесіңдер ме? Балалар сендерге менде 7 саны туралы мақалдар жинап әкелдім. Соны оқып берейін. Естерінде жүрсің?
1. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
2. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
3. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
4. Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
5. Жігітке жеті өнер де аз.
6. Қарғыс жеті атаға жетеді.
7. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
Жаңа сабақ
Жарайсыңдар балалар. Сендер ақылды екенсіңдер. Қу түлкінің тапсырмасын орындап, жұмбақты да шешіп, мақалдар да айтып тастадыңдар. Ендеше бүгінгі сабағымызға тоқталайық.
Сабақтың мақсаты: Киелі 7 санының ұғымына түсінік беру.
Сабақта топтық жұмыстар жүргізу арқылы сендердің есептеу машықтарынды арттырып, ой - өрісінді дамыту. Тез шешім қабылдауға үйрету.
Балалар сендер 7 саны туралы не білесіңдер?
Жеті саны қасиетті сан.
Жұма күні жеті шелпек пісіру.
Аптада жеті күн.
- Жеті атаны білу. Ендеше балалар бүгін біз 7 санын қосу және азайту кестесімен танысамыз. Жеті санының құрамын еске түсірейікші: Жеті санынын құрамы: 6 мен 1, 5 пен 2, 4 пен 3.
8 715 - 7
2 5 5 2
Қызығушылықты ояту:
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше дедік. Ендеше әрі қарай ерекше сабағымызды жалғастырайық. Балалар сендердің ертегі тыңдағыларын келе ме?
Иә, тыңдаймыз.
Бүгінгі жаңа сабағымыз " Жеті лақ " ертегісіне арналады.
Ерте - ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен ұзап, жем іздеп кетеді екен. Кетер
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>