рын жаңа ғана шығарған екен, тауық жем іздеп кеткенде, қу түлкі келіп балапандарын алып кетіпті!
Енді не істейміз?
Балапандарын анасына қайтарып беруге көмектесейік.
Түлкі бізге мынандай тапсырма беріп отыр. Сол тапсырмаларын дұрыс шығарсақ, балапандарды анасына қайтарамын дейді. Ендеше балалар бәріміз бірігіп түлкінің тапсырмасын дұрыс, тез ойланып шығарайық.
Өткен сабақты пысықтау
Балалар біз кеше қандай санды өттік?
13-6
66
Сол сан бойынша сендерге түлкі тапсырмасын беріп жіберіпті. Қима қағаздардағы тапсырмаларды тақтаға шешіп жазайық. Түлкі сендердің қатесіз орындағандарынды қарап, балапандарды босатады. 76
67
13-7
12-6
Сергіту сәті
Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым мен техниканы игеруі қажет. Олай болса, болашақ ғылым иелерінің жиып жатқан білімдерінді тексеріп көрейік.
Мағынаны
тану:
Балалар жұмбақ шеше аласыңдар ма? Қанекей жұмбақ шешіп көрелікші?
Бір аптаны бөлгенде,
Жеті күн бар білгенге.
Жеті зат бар сөмкеде,
Қарындаш, пенал, оқулық,
Өшіргіш берер тазалық.
Қаламсап керек жазуға.
Үйретер бізді әріпке,
Бәрін қайта атап шық
Саусақ бүгіп санап шық. (жеті)
Жеті туралы қандай ұғымдарды білесіңдер?
(Оқушылар өз білетіндерін айтады. )
Жеті ата
Жеті нан
Жеті қазына
Жеті қарақшы
Жеті күн
Жеті киелі сан
Жеті тақ сан
Ал қане маған жеті атаны кім айтып береді?
Жеті ата:
Ата
әке
бала
немере
шөбере
шөпшек
немене
Жарайсыңдар балалар сендер жеті атаны біледі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>