2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күні

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

2 сәуір - халықаралық балалар кітабы күні

Мақсаты: Кітап - сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.
Жүргізуші : Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы балабақшаның өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған - тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз "Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады" деп бекер айтпаса керек. І
Жүргізуші : Кітап - нәзік те, тұнық әлем. Кітап - білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына - кітап.
Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күні, яғни 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген. Мұның басты мақсаты - әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, "кітап - білім бұлағы, ал білім - өмір шырағы" екенін жеткізу. Бұл мақсатты орындау үшін балаларға ұсынар бізде кітаптар бар ма? Балалар әдебиетінің жай-күйі қандай?
Кітап дүкендерінің сөрелерінде балаларға арналған кітаптардың түр-түрі толып тұр. Терең ойлы мағынасымен де, қызылды-жасылды бояулармен өрнектелген әсерлі суреттерімен де кәрі-жасты қызықтырмай қоймайтындай. Сөрелерден балаңы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: