2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күні

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

з оқитын, бояйтын, жазатын-сызатын, тіпті өздері сөйлеп, ән айтып беретін кітаптарды да таба аласыз. Олардың үлкені, кішісі, орташасы да, ағылшыншасы, қытайша, орысшасы да бар. Тек, әттең, қазақшасы жоқтың қасы. "Жоқ" деуге әбден болады! Әрине, өкінішті. Балаларға ұсынар кітаптарымыздың халі осындай. Кереметтің бәрі бар, бірақ бізге керегі жоқ. Іздегеніңізді таппайсыз. Өйткені жоғарыда сипатталған қызылды-жасылды өрнегі, ойлы өнегесі бар "керемет" кітаптың бәрі де өзге тілде. Ал қазақтың баласы неге өз ана тілінде - қазақша сауат ашып, төрт күл дүниенің кереметін қазақ тілінде танымасқа?!
Сондықтан да ізденген бала қазақтың емес, шетелдің туындысымен сусындауға мәжбүр. Онда шалажансар аудармамен. Сапарғали Бегалин, Өтебай Тұрманжанов, Сейітжан Омаров сынды мықтылардан бастау алған балалардың көркем әдебиетін Мұзафар Әлімбаев, Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Әнуарбек Дүйсенбиев, Нәсіреддин Сералиев, Мүбарак Жаманбалинов, Оспанхан Әубәкіров, Жәнібек Кәрбозин, Қастек Баянбаев, Машқар Гумеров, Қабдыкәрім Ыдырысов, Жақан Смақов, Мұхамеджан Етекбаев, Құрманбай Толыбаев, Әбдібай Табылдиев, Есентай Ерботин, Абдырахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Ескен Елубаев, Марат Қабанбаевтар жаңа биікке көтерсе, Мырзабек Дүйсенов, Мәди Айымбетов, Несіпбек Айтов, Жарасқан Әбдірашев, Роза Әбілқадырова, Совет Әлімқұлов, Жақау Дәуренбеков, Зейнелғаби Иманбаев, Танат Дәуренбековтар керегесін кеңейте түсті. Балаларға арналған кітаптарды шығаруды нақты бір баспа өз қолына алып, осы тақырыпта қалам тербеп жүрген ақын-жазушыларды, білікті суретшілерді біріктіре отырып, бірлесе жұмыс жасаса, балалар кітаптарының ішкі мазмұны да, сыртқы келбеті де жақсарып, беті мен тиражы да көбейіп, балалар әдебиетінің жақсы мектебі де қалыптассар еді.


Жүргізуші:

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: