ищеге оқуға түседі. 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды
Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған.
3. Семантикалық карта «Тәуелсіздік шежіресі»
Тәуелсіздік шежіресі 1991ж 1995ж 1993ж 1998ж 1992ж
Ата заң
Тәуелсіздік жылы
Президент сайлауы
Валюта
Астана
Рәміздер
ІV. Бекіту. «Кубизм» стратегиясы. Кубтың алты қырымен алты сұрақ беріледі.
1. 1986 жыл?
2. Оқиғаның басты себебі?
3. Қозғаушы күші?
4. Қанша адам қатысқан?
5. Желтоқсан құрбандары кімдер?
6. Оқиғаның тарихи маңызы
5. Қорытынды:
Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.
Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас д
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 > >>