10 санының құрамы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ШҚО Семей қаласы.
"22 ЖОББМ" КММ.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Жунусбекова Бибигуль Олжабековна
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу,
кезкелген 10 - нан кем санды 10 - ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10 - ға тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру. Саналы түсіну машығын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, зерде үрдістерін, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқу қызметіне, өз оқу әрекетіне саналы көзқарасқа, ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын дайындау, түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Жарқырап атқан күнге
Мұғалім: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (Адам). Менің ойымша, сендер де ақылды, күшті, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп, сабағымызды ойынмен бастайық.
ІІ. Қайталау , сұрау.


- Бүгін сабағымыз ерекше, өйткені бір мейрамға арналған.
- Биыл бізде қандай жыл? Былтыр естеріңде болса қандай жылды қарсы алдыңдар? Қой. Қарсы алатын Мешін жылы
- Дұрыс айтасыңдар биыл қой жылы екен. Олай болса қой жылы сендер үшін өте ырысты жыл болды, Білім есігін ашып 1 сыныпқа қабылдандыңдар. Санаулы күннен кейін сауаттарыңды ашқан өз білімімен сусындатқан алтын жол ашып берген Әліппемен қоштасасыңдар.
Енді осы қой жылы сендердің қаншалықты білімдерің бар екенін тексергісі келі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: