Сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтінмен жұмыс істей білуге, мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау. Түсініп, жүгірте оқи білу, ойын толық жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстардың, туған ауланың, қаласының суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де – сіз,
Кішіге де – сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Ұранымыз:
Таудай биік талабым,
Оқып, білім аламын.
Үй тапсырмасын сұрау.
Балалардың бақыты. Сырбай Мәуленов.
Мәуленов Сырбай 1922 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай поселкесінде дүниеге келген - ақын. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Балаларға арнап "Барлаушы бала" (1961), "Құлыншақ" (1963), "Бала жолбарыс" (1963), "Қорқақ торпақ" (1966), т. б. өлеңдер мен әңгімелер жазды.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу;
2. Әр шумақ қандай бақытқа арналған;
3. "Бақыт" сөзін топтастыру;
Әкесі
Ағасы Анасы
Бұлақ
Отан
Тәтесі
Мөлдір өзені
Байтақ даласы
Сергіту сәті: Туған жер.
Өлеңі: М. Ниязбеков
Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз - түні жүрсем - дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
Қызығушылықты ояту.
Болжау әдісі.
1. Қалмақтар, сыйлапты, Қытай, императорына, құс, әнші.
2. Отырды, алтын, үнсіз, торда, құс.
3. Құстың, қақпағын, қоя, ашып, тордың, берді.
4. Мың, ән, туған, жерін, шырқапты, мадақтап, құс.
Осы сөздер мен сөз тіркестерін бір - бірімен байланыстыра отырып, мәтін құрастыру.
Жаңа сабақ. Туған жер туралы жыр
Сұрақ жауап
1. Қандай ертегі екенін анықтау.
2. Әнші құс сайрауын неліктен тоқтатты?
3. Императордың бағы мен құстың туған жерінің сипатын тауып оқу.
4. Ертегінің қай тұсында императордың өзі де құсқа ұқсап қалды.
Сөздік жұмыс.
Император – мемлекет билеушісі.
Жұмақ – рақат өмір.
Ғұлама, данагөй – оқымысты, білімді адам.
Нөкер – императордың көмекшісі.
Туған жер туралы мақал - мәтелдің жалғасын тап.
Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
_____________________
Ұлтарақтай болса да,
__________________
Ат төбеліндей болса да,
____________________
Әркімнің өз жері - _______
Қорытынды:
Тесттік тапсырманы орындау.
1. Императордың ертегі соңында нені түсінді:
А) құстың тар жерде отырғысы келмейтінін;
Ә) құстың туған жерде ғана рақат өмір сүретінін;
Б) ғажайып баудың әнші құсқа ұнамағанын
Үйге тапсырма: Туған жер туралы жыр.
Бағалау: